Магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі сейсенбі күні таңертең Арменияның оңтүстігіндегі Капан қаласында орын алды, деп хабарлайды елдің ТЖМ баспасөз қызметі.
Мекеменің дерегі бойынша, сағат 10:17-де (мәскеу уақытымен 09:17) Капан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырымдай қашықтықта жер сілкініп, оның эпицентрдегі күші МСК-64 шкаласы бойынша 5 балды құрады.
"Жер сілкінісі Капан (5 балл), Горис және Каджаран (4-5 балл) қалаларында сезілді. Жер сілкінісінен кейін қуаты 3,3 балдық дүмпулер болған", – деп өтті ТЖМ.
Қаза болғандар мен бұзылулар туралы ақпарат түскен жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу