Арменияның төртінші президенті сайланды

908

Арменияның төртінші президенті сайланды

Арменияның республикалық партия өкілі Армен Саркасян елдің төртінші президенті болып сайланды, деп хабарлайды КТК. 

"Саркасянға 90 депутат дауыс берді, қарсы шыққандар - 10. Осылайша, ол Армения президенті болып тағайындалды", - дейді есеп комиссиясының басшысы Гагик Меликян.

Жалпы дауыс бергендер саны 101 болған, алайда, бір бюллетень жарамсыз деп танылды. 

Бұрынғы президент Серж Саркасянның мерзімі аяқталғаннан кейін Арменияда жаңа конституция күшіне енді. Жаңа конституция бойынша, билік парламент пен үкімет қолында болады, ал парламент тағайындайтын президент билігі өкілеттік қана болады. 

Саркасян президенттікке жалғыз үміткер болды. Биліктегі коалиция фракцияларының - Арменияның Республикалық партиясы және "Дашнакцутюн" Армян революциялық федерация - 65 депутаты оны қолдаған. 

Президентті тағайындауға 105 депутаттың 79-ы дауыс бергені жеткілікті болатын еді. 65 мандат тиесілі биліктегі коалициялық фракциядан бөлек үміткерге оппозициялық фракция да дауыс берді. Оппозициялық "Царукян" қатарында 31 депутат бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу