Арменияның ТЖМ басшысы Армен Ерицян сейсенбі күні ауыр науқастан соң қайтыс болды.
"Наири" медициналық орталығының өкілі Анатолий Гнунидің журналистерге мәлімдеуінше, А.Ерицян сейсенбі күні жағдайы ауырлаған соң ауруханаға жатқызылған.
Армян БАҚ дерегі бойынша, ТЖМ басшысы қатерлік ісікпен ауырған.
56 жастағы А.Ерицян 2016 жылы Армения президентінің жарлығымен ТЖМ басшысы лауазымына қайта сайланған болатын. Ол ведомствоны 2014 жылдан бері басқарды.
Ол оған дейін Армения полициясы басшысының орынбасары міндетін атқарды. Полиция генерал-майоры шені бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу