Арменияның вакцинациялау паспорты Қазақстанда жарамды деп танылды

670

Қазақстан мен Армения COVID-19 вакцинациясының паспорттарын өзара тану туралы жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арменияның вакцинациялау паспорты Қазақстанда жарамды деп танылды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой армян әріптесі Анаит Аванесянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министрліктердің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгілеп, вакцинация паспорттарын өзара тану туралы жариялады. Армения вакцинациялау паспорты Қазақстанда танылған 17-мемлекетке айналды.

"ҚР аумағында келесі елдерде берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Эстония Республикасы", – делінген елдің бас дәрігерінің қаулысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу