Арменияның жаңа президенті қызметіне кірісті

1503

Армения Президенті болып сайланған Вахагн Хачатурян жексенбі күні парламенттің кезектен тыс отырысында ант қабылдап, қызметіне кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. 

Арменияның жаңа президенті қызметіне кірісті

Инаугурация рәсіміне Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, билік партиясының өкілдері, бүкіл армяндардың Католикосы қатысты.

Хачатурян 3 наурызда өткен дауыс берудің екінші турында президенттікке сайланды. Ол жалғыз кандидат болды, оған биліктегі "Азаматтық келісім" фракциясының өкілдері ғана дауыс берді. Оппозиция сайлауға бойкот жариялады.

Парламенттік оппозиция өкілдері де Президентті ұлықтау рәсіміне қатыспады.     

Армения – парламенттік ел, президентті парламент сайлайды.

Хачатурян 1991-1998 жылдары Президент болған Левон Тер-Петросянның саяси одақтас. Хачатурян 1992-1996 жж. – Ереван қаласының мэрі болды. 1996-1998 жылдары Президенттің кеңесшісі, 2019-2021 жж. – армяндардың бірінің отбасына жататын "Армеконбанк" басқармасының мүшесі болды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу