Армия авиациясының ұшқыштары оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады

615

Жаттығуларды орындауға 50-ден 100 метрге дейін шағын биіктіктерде ұшу тәжірибесі бар ұшқыштар жіберіледі.

Армия авиациясының ұшқыштары оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады

Шымкент гарнизонының әскери ұшқыштары 15-30 метр шағын биіктік шегінде күрделі бедерлі таулы жерлерде оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 Ұшқыштар алғаш рет МИ-35М тікұшағында ұшуды басқару дағдыларын меңгеріп, машықтарын бекітті. Олар тау бөктерін айналып шығып, шатқалдардан өту техникасы мен 2500 метр биіктікте асуларды бағындыру, биік тау аймақтарында ұшу және қону техникаларын пысықтады, осылайша ұшуларды жауынгерлік қолданыста орындап шықты.

Ұшулар шағын биіктіктер шегінде кенеттен берілген соққылар үшін армия авиациясын барынша тиімді қолдануға, шабуылдан кетуге және қарсыластың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін байқауға мүмкіндік береді. Осындай жаттығуларды орындауға 50-ден 100 метрге дейін шағын биіктіктерде ұшу тәжірибесі бар ұшқыштар жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу