Қостанай облысында гір екісайысы бойынша Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды sarbaz.kz.
Сайысқа Қазақстанның 120-дан аса мықты гір көтерушілері қатысты. 63 келі салмақ дәрежесінде гірді 94 мәрте көтеріп, Қазақстанның рекордын орнатқан АОСК штаттық командасының спортшысы Мағзам Ахметов чемпион атанды. 68 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Тимур Мүшекенов кубокта тағы бір "алтынды" қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жазда Тимур Мүшекенов Қырғызстанда өткен ТМД елдері достастық армияларының екінші әскери-спорттық ойындарында гір екісайысы бойынша чемпион атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу