Армиялық палуандар халықаралық жарыста топ жарды

876

Армиялық палуандар халықаралық жарыста топ жарды

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының еркін стильдегі балуандары Санкт-Петербор қаласында өткен жыл сайынғы "Жеңіс күні" халықаралық турниріне қатысты. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 Турнирге үш елдің 450-ден аса спортшысы қатысты. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы әскери қызметшілерінің қоржынында екі алтын және бір қола медаль бар.

 Спорттық ротасының әскери қызметшісі Абылайхан Нұрсұлтанов 74 келі салмақта турнир жеңімпазы атанды.

Шешуші бәсекеде ол өзінің жерлесі Еркебұлан Тілеуді ойсырата жеңді. Дәл осы салмақта тағы бір армиялық спортшы Нұрғали Жолаев "қола" медаль иегері атанды. 97 келі салмақта ҚР ҚМ АОСК-ның еркін күрестен штаттық командасының спортшысы Әлихан Жұмаев турнирдің шешуші кезеңінде ресейлік палуан Алексей Перфильевті жеңіп, турнирдің "алтын" жүлдесін иеленді.

Бұл күндері Үндістанда грек-рим күресінен Азия чемпионаты өз мәресіне келіп жетті. 75 келі салмақта ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы Мақсат Ережепов чемпион атанды. Финалда ол оңтүстік кореялық палуанды 5:1 есебімен жеңіп шықты. Мейрамбек Айнағұлов "күміс" жүлде иегері атанды. Сайыстың шешуші кезеңінде ол Жапониядан келген қарсыласынан жеңіліс тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу