Армян-әзербайжан шекарасында тағы да атыс

655

Әзербайжан армиясының Кельбаджар ауданындағы позициялары атылды.    

Армян-әзербайжан шекарасында тағы да атыс Фото: Армения Қорғаныс министрлігі сайты

Бұл туралы бүгін  Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Өткен жексенбіде сағат 19.35-тен 21.50-ге дейін Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері республиканың Гегаркуник облысындағы позициялардан Әзербайжан армиясының Моллабайрамлы мен Безирхан елді мекендері бағытында түрлі калибрлі қарулардан оқ жаудырған.

"Біздің бөлімшелер қарсы жауап қайтарды", - деп мәлімдеді министрлік. 

Бұған дейін Арменияның Қорғаныс Министрлігі 7 қарашаға қараған түні Әзербайжан Қарулы Күштерінің армян армиясының позицияларын атқаны туралы хабарлама таратты.

"Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері армян-әзербайжан шекарасының шығыс бөлігінде орналасқан армян позициялары бойынша әртүрлі калибрлі қарулардан оқ жаудырды", — делінген хабарламада.

Соңғы дерекке сәйкес, шекарадағы жағдай бірқалыпты. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу