Армян оппозициясы соғыс жағдайы режимін тоқтатуды талап етіп отыр

774

Егер оппозиция дегеніне жетсе,онда олар премьер-министрді отставкаға кетіру процесін бастай алады.

Армян оппозициясы соғыс жағдайы режимін тоқтатуды талап етіп отыр

Армения парламентінің оппозициялық фракциялары бұрын енгізілген соғыс жағдайы режимін жою туралы жобаны қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссияның талқылауына жіберді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап. Олар осы режимінің тоқтатылуын талап етіп отыр. 

"Өркендеген Армения" депутаты Арман Абовянның айтуынша, 27 қыркүйекте жарияланған соғыс жағдайы елдің қазіргі ахуалына сәйкес келмейді және саяси процестерге кедергі келтіріп жатқан көрінеді.

Еске сала кетсек, 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақтағы қақтығыстан кейін елде әскери жағдай енгізілген еді. Армения, Ресей және Әзербайжан басшылары соғыс қимылдарын тоқтату туралы құжатқа қол қойғаннан кейін де парламент оны алып тастаудан бас тартты. 

Егер оппозиция дегеніне жетсе,онда олар премьер-министрді отставкаға кетіру процесін бастай алады. Оппозиция үкімет басшысы Никол Пашинянның қызметінен кетуін талап етуде. Олардың пікірінше, Пашинянның Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарын тоқтату туралы келісімге келуі армян тарабына тиімсіз болып отыр. 

Бұған дейін "Өркендеген Армения"  депутаты Ивета Тоноян билік оппозицияның әрекеттерін шектеу үшін әдейі бұл режимді созып отыр деп айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу