Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы себептен бұл мәселе тіпті өзекті болып отырғанын айтты.
"Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады", – деді Тоқаев.
Ал барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындарға "арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жеке меншікке беру мәселесін шешу қажет" екені айтылды.