Арнайы экономикалық аймақтардың 60%-ы бос қаңырап тұр

2278

13 арнайы экономикалық аймақта 1,6 трлн теңгеге 307 жоба іске асырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы экономикалық аймақтардың 60%-ы бос қаңырап тұр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылдың аяғында республикада жұмыс істеп тұрған 13 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) аумағында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндіріледі деп күтеді. 

Ресми хабарға сүйенсек, 13 арнайы экономикалық аймақта 1,6 трлн теңгеге 307 жоба іске асырылған. 21 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған.

"АЭА ашылған сәттен бастап (2003 жылдан бастап) өнім өндіру көлемі 3,9 трлн теңге болды, оның ішінде экспорт – 298,7 млрд теңге", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Маусымда 13 АЭА-ның тек үшеуінде құрылыс толық аяқталды, олардың жалпы аумағының 60%-ға жуығы бос екені хабарланды.

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың айтуынша, бәрін аяқтау үшін тағы 280 млрд теңге құю қажет. 

"2001-2019 жылдар аралығында АЭА инфрақұрылымын дамытуға тек республикалық бюджеттен 372 млрд теңге бөлінді, оның 62%-ы Ұлттық қордың қаражаты", – деді Годунова.

Еске саламыз, елде "Астана – жаңа қала", "Сарыарқа", "Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі", "Ақтау теңіз порты", "Оңтүстік", "Тараз химиялық паркі", "Қорғас – Шығыс қақпасы", "Инновациялық технологиялар паркі", "Павлодар", "Астана-Технополис", "Turkistan", "Қорғас ХШЫО", "Qyzyljar" деген арнайы экономикалық аймақтар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу