Арнайы экономикалық аймақтардың үш жылдық даму стратегиясы әзірленбек

1219

Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР үкіметінің отырысында арнайы экономикалық (АЭА) және индустриялық аймақтарды (ИА) дамыту мәселесі қаралды.

Арнайы экономикалық аймақтардың үш жылдық даму стратегиясы әзірленбек

Премьер-министр арнайы аймақтардың жұмысын "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың үш жылдық даму стратегиясы әзірленбек.

"Осы жылдың қыркүйек айында аймақтардың даму жоспарын талқылаймыз. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар өңірлердің экономикалық өсімін қамтамасыз етуі керек. Бұл үшін нақты жұмыстар мен сапалы жобалар қажет", – деді үкімет басшысы.

Асқар Маминнің сөзінше, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында, Павлодар мен Алматы облыстарында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқару дұрыс жолға қойылған.

"Мысалы, "Оңтүстік" экономикалық аймағында бюджеттің 1 теңгесіне 15,5 жарым теңге, ал Павлодарда 12,3 теңге жеке инвестиция тартылған. Бұл – өте жоғары көрсеткіштер. Индустриялық аймақтар бойынша Шымкент қаласының "Оңтүстік" аймағында жалпы сомасы 38 млрд теңгені құрайтын 55 жоба, Қызылорда облысында жалпы сомасы 65 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылды. Ал Қарағанды облысының "Қарағанды" арнайы аймағы, Жамбыл облысындағы "Тараз" химия паркі секілді бірқатар аймақтардың даму әлеуеті толығымен жүзеге асырылмаған. Инвестициялардың көлемі мен жобалардың саны аз. Сондықтан осы бағыт бойынша белсенді жұмыс атқару керек", – деді премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу