Арнайы ХҚКО-ларда елуден астам тестілеу нәтижелері жойылды

294

Теориялық емтихан тапсыру үшін жаңа ЖЖЕ 3.0 жүйесінің енгізілуіне байланысты тексеру ережелері қатаңдатылды.

Арнайы ХҚКО-ларда елуден астам тестілеу нәтижелері жойылды Фото: inbusiness.kz

Шымкент, Түркістан, Ақтөбе және Ақмола облыстарында тапсыру ережелерінің бұзылуына байланысты емтихан нәтижелері жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа жүйенің арқасында Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тестілеуді тапсырған кезде қызмет алушылар дербес компьютерлерге қашықтықтан қосылуға мүмкіндік беретін микро құлаққаптарды, HDMI сплиттерлерін қолданғанын анықтады. Сонымен қатар, тыйым салынған құрылғыларды киім жеңдеріне тігіп, емтиханға кіріктірілген электронды құрылғылармен және жилеттермен келгендер де болды.

Шымкент қаласында клиент терезені түрту арқылы дұрыс жауаптар беретін үшінші тұлғаның көмегін қолданды. Жүйе емтихан алушының дене қимылдарын, терезеге қарай жиі бұрылыстарды қарастырды. Ал аудиожазба түртулерді тіркеп, соның арқасында тест нәтижелері толықтай жойылды.

"Жаңа жүйе ағымдағы жылдың 16 қазанында Қазақстанның барлық өңірлерінде 83 емтихан сыныбында енгізілді. Тестілеудің сәтті нәтижелері екі есе азайды. Бұл жол қозғалысы ережелерін шынымен меңгерген азаматтардың ғана жүргізуші куәлігін алуының жақсы көрсеткіші", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорация басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Айта кетейік, тестілеу нәтижелері жойылған азаматтар тестті 3 айдан кейін ғана қайта тапсыруға өтініш бере алады. Еске сала кетсек, жыл басынан бері азаматтарға миллионнан астам жүргізуші куәлігі берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу