Арнайы орталықтарда тамақ сапасын арттыру қажет

1062

Оның пікірінше, мұндай орталыққа балалар түспеуі үшін берекесі қашқан отбасылармен жұмысты күшейту керек.

Арнайы орталықтарда тамақ сапасын арттыру қажет

Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) үйлестіру мүшесі Александр Муха балаларға арналған арнайы орталықтарда тамақ сапасын артыру керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Балалар арнайы орталыққа қылмыс жасағанда, ата-анасы олардан бас тартқанда және тағы басқа жағдайларда жіберіледі.

Александр Муха бұл орындарда тамақтану мәселесі өзекті екенін, мұнда "кім арзан жеткізсе, соны аламыз" деген қағидат дұрыс емес екенін атап өтті. Ол орталықтарды күрделі жөндеуден өткізу керегін айтты.

"Бүгінгіде көптеген ғимаратта балаларға арналған ойын алаңы жоқ. Жалпы елдегі жұмыс істеп тұрған интернаттарды тексеру қажет. Өйткені олардың 70%-ға толық жөндеуді қажет етеді", – деді ҰАТ үйлестіру мүшесі.

Маманның айтуынша, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету бойынша заңға өзгерістер енгізу керек.

"Бұл заттар тым ұзақ уақыт қолданылады. Балалар ойнап жүріп, киімін жыртып алуы мүмкін", – деді Александр Муха.

Ол мұндай орталыққа балалар түспеуі үшін берекесі қашқан отбасылармен жұмысты күшейту керегін тілге тиек етті.

"Алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Әдетте осындай мекемедегі балалармен сөйлескен кезде олардың ата-анасы жұмыс істемейтінін, белгілі бір отбасылық және тұрмыстық мәселесі барын білуге болады. Осылайша, отбасының жағдайын жақсарту үшін үйлесімді жұмыс жүргізілуі қажет", – деді маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу