Теміртауда қаланың ғимараттары мен көрікті жерлерінде белгілі бір объектінің тарихы туралы баяндайтын QR-кодтар пайда болды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен Теміртау тарихи-өлкетану мұражайымен және жергілікті саябақпен бірлесіп іске қосылды.
"QR-кодтар арқылы Теміртау тарихы туралы толық ақпаратты білуге, қала картасымен танысуға болады. Бұл Қала тарихы мен өткен жылдардағы саяси оқиғаларды баяндайтын ескерткіштер мен көрікті жерлердің, нысандар мен орындардың интерактивті картасы", – деді Теміртау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін нысандар туралы барлық ақпарат арнайы parkhistory.kz веб-сайтында жинақталған. Қаланың ескі саябағы, Жаңа ауыл бөлімшесі, стадион және мәдениет сарайы туралы анықтамалық деректер бар. Әзірге сайтта 40-тан астам ақпарат пен фотокарталар бар.