Арнайы рұқсат құжатынсыз аңшылыққа шыққан тұрғындар ұсталды

400

Олардың мылтықтары да Ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.

Арнайы рұқсат құжатынсыз аңшылыққа шыққан тұрғындар ұсталды Фото: Ақтөбе облыстық Полиция департаменті

Ақтөбелік полицейлер күдіктілерді Темір ауданының Шұбарқұдық ауылының маңында ұстады.

"Ваз-2114" көлігін тізгіндеген 50 жастағы жүргізуші күдік тудырған. Тексеру барысында автокөлікте болған үш адамның рұқсатсыз аң атқаны анықталды. Құқық қорғаушылар 2 тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тәркіледі. Енді күдіктілер қаруды заңсыз пайдаланғаны және рұқсатсыз аң аулағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауап береді. 

Полиция департаменті, баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде "Қарда жүргіш" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы аң аулау ережелерін бұзу дерегі бойынша 66 іс тіркелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу