Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайға әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы құрмет көрсетті.
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар жақында Париж Олимпиадасында бокстан күміс медаль жеңіп алған Нұрбек Оралбайға сый жасады.
"Мына құндыз тон арнайы саған атап жасатып алдық. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз", – деді Қанат Айтбаев.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу