Арнайы шотқа наурыздың аяғында түскен ақшаны 30 сәуірге дейін қолдануға болады

7959

Еnpf-otbasy.kz  платформасы 732 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге пайдаланды. Бұл туралы “Отбасы банк” баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz. 

Арнайы шотқа наурыздың аяғында түскен ақшаны 30 сәуірге дейін қолдануға болады

Орташа есеппен алғанда, 2021 жылы платформаға ай сайын 100 мыңға дейін өтінім келіп түскен. Ал 1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасында клиенттерден түскен өтінімдер саны 2022 жылғы ең жоғарғы көрсеткіш – 870 мыңға жетті, оның ішінде: 

1. Аяқталған өтінімдер – бұл мақұлданған өтінімдер, онда қаражат нысаналы мақсаты бойынша жіберілді – 352 мың.

2. БЖЗҚ клиент қаражатының жеткіліксіз болуына байланысты кері қайтарған өтініштер саны – 146 мың.

3. Клиент нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды бекітеді деп күтілетін өтінімдер – 106 мың.

4. Салынған құжаттарды тексеруге өтінім – 73 мың.

5. Клиенттің өзі жойған өтінімдер – 52 мың.

6. Клиенттер қол қоймаған, аяқталмаған өтінімдер – 35 мың.

7. Пысықтауға жіберілген өтінімдер – 34 мың.

8. БЖЗҚ-нан арнайы шотқа қаражат түсуін күтудегі өтінімдер – 33 мың.

9. Толықтыру үшін Отбасы банкінің салымын таңдау қажет өтінімдер – 20 мың.

10. БЖЗҚ-на қайтарылған қаражат бойынша өтінімдер – 19 мың.

"Келіп түскен барлық өтінімдер, сондай-ақ мақсатты растайтын құжаттар салынған өтінімдер кезек тәртібімен пысықталады. Сонымен қатар қоғамда 2022 жылғы 1 сәуірде қазақстандықтардың Отбасы банктегі арнайы шоттарындағы БЗТ-і БЖЗҚ-на қайтарылады деген қауесет тарады. Осыған байланысты, Отбасы банктегі азаматтардың арнайы шоттарындағы қаражат олардың меншігі екенін түсіндіреміз. Арнайы шотқа ақша түскен сәттен бастап қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында оларды пайдалану бойынша растайтын құжаттарды ұсыну үшін 20 жұмыс күні бар", – деп хабарлады “Отбасы банк” баспасөз қызметі. 

Осылайша, наурыздың аяғында арнайы шотқа түскен ақшаны 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін қолдануға болады. Егер қаражат емделу мақсатында сұралып, арнайы шотқа түскен болса, онда азаматтардың оларды пайдалану мақсатын растау үшін 45 жұмыс күні бар. Сондықтан арнайы шотқа өз қаражатын түсіріп қойған өтініш берушілер банктің аймақтық филиалдарына бармай-ақ құжаттарды асықпай жинауы керек, өйткені барлық рәсімдер онлайн режимінде өтеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу