Арнайы жасақ қызметкерлері көмекке мұқтаж науқас үшін донор болды

300

Алматыда 50-ден астам полицей балаға қан тапсырды.  

Арнайы жасақ қызметкерлері көмекке мұқтаж науқас үшін донор болды Фото: gov.kz

Алматыда полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған балаға көмек көрсету туралы үндеуге үн қосып, донор болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Алматы қаласы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 50-ден астам қызметкері қан тапсырды. Олар көмекке мұқтаж кішкентай науқасты қолдау мақсатында донорлық акцияға қатысты.

Арнайы жасақ командирі Азамат Исергужиннің айтуынша, балаға көмектесу туралы шешім бірден қабылданған.

"Баланың өмірі мен денсаулығына қатысты мәселе тұрғанда, бейжай қалуға болмайды. Үндеуді көріп, көмектесуіміз керек деп шештік. Қызметкерлеріміздің әрқайсысы үшін бұл жай ғана қан тапсыру емес. Бұл кішкентай бала мен оның отбасына шын мәнінде маңызды көмек көрсетуге берілген мүмкіндік. Біздің қанымыз баланың осы қиын кезеңнен өтуіне сеп болып, тезірек сауығып кетуіне ықпал етеді деп үміттенеміз", – деді Азамат Исергужин.

Полиция департаменті қызметкерлердің азаматтарға қызметтік міндеттері аясында ғана емес, қиын сәтте адамдық тұрғыдан да қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу