Арнайы жасақ жауынгерлері күрең берет кию үшін сынақ тапсырды

348

72 жауынгердің жартысынан көбі сынақтан өте алмады.  

Арнайы жасақ жауынгерлері күрең берет кию үшін сынақ тапсырды Фото: Қорғаныс министрлігі

Арнайы операцияның 26 әскери қызметшісі күрең берет иеленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

                                                

Шымкент гарнизонындағы "Орда" полигонында Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері арасында жыл сайынғы біліктілік сынақтары өтті. Биыл 26 әскери қызметші күрең қызыл берет кию құрметіне ие болды. Бұл – ерлік пен кәсіби шеберліктің символы.

                       

Сынаққа қатысу үшін үміткерлер алдын ала іріктеуден өтеді. Олардың дене дайындығы, моральдық-психологиялық тұрақтылығы және жауынгерлік қабілеті мұқият бағаланады. Сынақтың өзіне тек үздік жауынгерлер ғана жіберіледі.

Біліктілік 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылардың күш-қуат дайындығы, теориялық білімі және әртүрлі әскери бағыттар бойынша, оның ішінде тау, атыс, медициналық, парашюттік және инженерлік дайындықтар, сондай-ақ әскери топография мен мина-жарылыс ісі дағдылары тексерілді.

                              

Екінші кезеңде жауынгерлер 30 шақырымдық марш жасады. Жол бойында олар табиғи және тактикалық кедергілерден өтіп, жаралыларды эвакуациялау, жасырын жүру, оқ-дәрі жеткізу және атыс жаттығуларын орындады. Қорытынды кезең қоян-қолтық ұрыстағы жекпе-жек болды.

                                             

Барлық тапсырманы сәтті орындаған 26 әскери қызметші арнайы операциялар күштері элитасының қатарына қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу