Арнаулы қор құпия белгісі алынған құжаттармен толықтырылып отырады

775

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде саяси қуғын-сүргін мәселелері бойынша мұрағат материалдарының арнаулы қоры құрылғанын жариялады. 

Арнаулы қор құпия белгісі алынған құжаттармен толықтырылып отырады

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Барлық материалдар қуғын-сүргін түрлері және қуғын-сүргінге ұшырағандардың санаты бойынша жіктеледі. Шағын комиссиялардың жетекшілері білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің қызметкерлерімен бірге өңірлік комиссиялардың қызметіне бақылау жасау үшін аймақтарға көшпелі инспекциямен шығып тұрады", – деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, инспекция өңірлік комиссияларға әдістемелік көмек
көрсетеді. 

"Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық мұрағат пен орталық мемлекеттік мұрағат базасында саяси қуғын-сүргін мәселелері жөніндегі мұрағат материалдарының арнаулы қорын құрды. Бүгінде мұрағаттарда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты мыңнан астам мұрағаттық іс сақталып тұр. Бұл бізде енді ғана басталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана екені сөзсіз. Аталған қор комиссия қызметінің аясында құпия белгісі алынған құжаттармен толықтырылып отырады", – деді Ералы Тоғжанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу