Арнаулы жиындарды мобилизациямен шатастырмау керек – Қорғаныс министрі

1034

Нұрлан Ермекбаев президент жарлығынан соң әскери жиынға қатысқысы келетін жастардың хабарласып жатқанын айтты. 

Арнаулы жиындарды мобилизациямен шатастырмау керек – Қорғаныс министрі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнаулы жиын мен мобилизацияның аражігін түсіндіріп өтті.

"Мобилизация – мемлекеттің барлық саласын, халықты, ұйымдарды жаппай әскери уақыт режиміне аудару. Арнаулы жиын деген бұған жатпайды. Әскери шақыртулар жиі өткізіліп тұрады, жылына бірнеше рет. Барлық әкімдердің мұндай шараларды өткізуде тәжірибесі бар. Әкімдер Қорғаныс істері бойынша бөлімдер, әскери коммиссариат арқылы шақырту жүргізеді. Әскери міндеттілердің денсаулығы, отбасылық жағдайы, жасы және тағы да басқа факторлар ескеріледі", – деді Ермекбаев.

Министрдің сөзінше, әуелі жиынға шақырту барысында ерікті түрде барамын деушілерге басымдық беріледі. Бірінші кезекте сондай азаматтар шақырылатын болады. Ермекбаев президенттің жарлыққа қол қойғаннан кейін, әскери жиынға қатысамын деген жастардың көптеп хабарласып жатқанын айтты. 

Еске сала кетсек, 2 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақырту туралы жарлыққа қол қойды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу