"Арселор Миттал Теміртау" АҚ комбинатында болған қайғылы оқиға қатысты екі басшы ұсталды

599

Цехта пеш бұзу барысында үйінді астында қалған 4 адамға қатысты оқиға тергелуде.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ комбинатында болған қайғылы оқиға қатысты екі басшы ұсталды

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының 4 жұмыскерінің цехтағы пешті бұзу барысында қайғылы жағдайға тап болуына байланысты екі басшы қамауға алынды.

Бұл "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары. Теміртау қаласының соты тергеу мерзімі аяқталғанша оларды қамауда ұстауға санкция берді.

"Қылмыстық істі тергеу барысында мекеме жұмысшылары, сонымен қатар өндіріс кезінде қауіпсіздік шараларына жауапты тұлғалардан жауап алынды.

Жинақталған материалдардың негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 277 бабында (құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзып, абайсызда екі немесе оданда көп адам өліміне әкеп соққан) көзделген қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қауіпсіздік шараларына жауапты 2 басшы ұсталды", – деп мәлімдеді  Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 10 маусымда "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының мамандары "Құрылысмет" ЖШС аумағында ұста-пресс цехындағы іске қосылмаған термиялық пештің отқа төзімді материалдарын бұзу кезінде оның күмбезі құлап кеткен. Үйіндінің астында бес адам қалып қойған. Төрт адам оқиға орнында қайтыс болды. Жарақат алған бір адамды ауруханаға жеткізген еді.

Арайлым Еркебаева

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу