"Арселор Миттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгертіле ме?

Желіде компания атауына қатысты ақпарат тарады. 

"Арселор Миттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгертіле ме? Фото: inbusiness.kz

WhatsApp-та "Арселор Миттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгертілетіні туралы ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі StopFake.kz арнасына сілтеме жасап. 

Алайда ақпарат көзі мұның фейк екенін дәлелдеді. 

Еске сала кетсек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мемлекет меншігіне өткеннен кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясынының атауы өзгеруі мүмкін, деген еді. Алайда ол нақты қандай атау екенін атамады.

Тек компанияның жаңа атауы әлі белгісіз екендігін атап өтті.

Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк екенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу