15 ақпанда "Арселор Миттал Теміртау"-да су таратқышты орнату кезінде ілмек үзіліп кетіп, ондағы құбыр "Водоканалстрой KZ" мердігерлік ұйымының жұмыскеріне құлап кеткен. Салдарынан жұмыскер сол жерде қаза тапты.
Бұл фактіні Қарағанды облысының өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментіндегілер растап отыр.
Кәсіпорында құбырдың құлап кету оқиғасы бұған дейін де, нақты айтқанда 2018 жылдың 28 қарашасында домен газын орнату кезінде орын алған еді. Абырой болғанда ол кезде адамдар аман қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу