"Арселор Миттал Теміртау" компаниясына 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

436

Тексеріс "Жол картасы" бағдарламасы орындалмағанын анықтады

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясына 1,2 млрд теңге айыппұл салынды Фото: Ашық дереккөзден

 

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясына экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,2 млрд теңге айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Қарағанды облыстық экология департаментіне сілтеме жасап.

Аталмыш департамент 2022 жылы қыркүйек-қазан айларында кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде компанияға қатысты "Жол картасы" бағдарламасы орындалмағаны анықталды.

"Атап айтқанда, Жылу Электр Орталығы 2 агломерация, дом-на пеші, нөмірі екінші және үшінші күйдіру цехтарында шығарындылар қалыпты нормадан асып кеткен", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу