Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорынның бірі "Арселор Миттал Теміртау" АҚ комбинатында төтенше жағдай болды.
Комбинаттың ұста-пресс цехындағы іске қосылмаған термиялық пешінің отқа төзімді материалдарын бұзу кезінде пештің күмбезі құлап кеткен. Үйіндінің астында бес адам қалып қойған. Төрт адам оқиға орнында қайтыс болып, жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді.
"Ауруханаға түскен зардап шегуші 1994 жылғы. Оның жағдайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы есін біледі, жағдайы тұрақты, бірақ маңдайында ауыр жарақаты бар. Хирург, нейрохирург, реаниматолог мамандары науқасты жан жақты қарап тексеріп жатыр", – деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс жасап жатыр. Оқиғаның себеп салдары анықталуда.
Арайлым Еркебаева