Төтенше жағдайлар Департаментіне Арселор Миттал Теміртау АҚ комбинатында тұтанған өрт туралы хабарлама 26 қаңтарда түстен кейін түскен болатын. Мұнда коксохимиялық цехындағы газ құбырында өрт тұтанған. 7-газ құбырына демонтаж жұмыстарын жасап жатқанда оқыс оқиға орын алды. Компанияның хабарлауынша ашық алаңда болған өрт өндіріске бөгет болмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу