"Арселор Миттал Теміртауда" тағы шатыр құлады

1184

Оқиға тағы да көпшіліктен жасырылды.    

"Арселор Миттал Теміртауда" тағы шатыр құлады

Inbusiness.kz-ке Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, 23 қаңтарда 14 сағат 15 минутта "АрселорМиттал Теміртау" АҚ диспетчерінен кезекші операторға AMT еншілес компаниясы "Құрылысмет" ЖШС-нің соғу-престеу цехының құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

№ 11 жылыту пешінің үстінен жалпы алаңы 72 шаршы метр болатын екі аражабын тақтасы құлағандығы анықталды. Апат демалыс күні болғандықтан, зардап шеккендер жоқ. №11 жылу пешінің қосалқы платформасы мен инженерлік құрылымдары зақымданған.

Әдеттегідей, оқиға туралы компанияның сайтында да, әлеуметтік желілерде де хабарламады.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу