"Арселор Миттал Теміртауға" "Қармет" атауын қайтарған дұрыс – министр

531

Әзірге компанияның атауы қалай өзгеретіні белгісіз. 

"Арселор Миттал Теміртауға" "Қармет" атауын қайтарған дұрыс – министр  Фото: inbusiness.kz

Жаңа инвестордың шешімін күту керек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден "Кәсіпорын енді қалай аталатын болады?" деп сұрады. 

"Әзірше жаңа инвестордың шешімін күтуіміз керек. Біз оған тарихи атауын – "Қарметті" қайтарған дұрыс деп ойлаймыз. Бұрын солай аталған. Өңір (ред. – Қарағанды облысы) тұрғындары бұл шешімді қолдайды деп есептейміз", - деді Қанат Шарлапаев.

Ведомство басшысының сөзінше, "Арселор Миттал Теміртау" Қазақстан бюджетіне көп салық төлеген. 

"Бұл ақпарат менде бар. Мысалы, 2000 жылдан бастап есептегенде кәсіпорын 3,4 млрд доллар салық төлеген. 2023 жылы салықтық түсімдер 121 млн долларды құрады. Біздің ойымызша, кәсіпорынның тұрақты жұмысы кезінде салықтық түсімдердің төмендеуі күтілмейді. Себебі, егер "Арселор Миттал Теміртаудан" темір сатылса, онда салықтардың сондай деңгейін алатын боламыз деген ойдамыз", - деп түсіндірді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Бұл компанияда ресейлік не басқа шетелдік мүдде болмайды деп сендірді.

"100 пайыз қазақстандық инвестордың басқаруында болады", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу