Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, де хабарлайды inbusiness.kz.
"Жылыту маусымы басталғаннан бері "Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамының жылу орталығы бойынша температуралық кестені сақтамаудың 70 жағдайы байқалды. Қаңтар айында №3 қазандықта күл ұстағыш қондырғының жұмысының нашарлауына байланысты газ құбыры құлады. Қазіргі уақытта № 3 қазандықта газ құбырын қалпына келтіру жалғасуда, соның салдарынан № 1 қазандық бір апта кешігіп жөнделеді", – деді министр.
Теміртау қаласының тұтынушыларын жылумен қамтамасыз ету үшін №7 қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Келесі жылыту маусымына осы қазандық іске қосылмақ. Бұл ретте ведомство басшысы Жезқазған жылыту орталығына тоқталды.
"Жезқазған жылыту орталығында жылыту кезеңінде қолда бар 6 қазандық бойынша 75 апаттық тоқтатулар орын алды. Ең көп саны № 9 қазандықта болды, алайда, ағымдағы жылы ол бойынша қаржыландыруға сілтеме жасай отырып күрделі жөндеу жоспарланбайды. Жезқазған облыс орталығы мәртебесіне ие екенін ескере отырып, Министрлік "Kazakhmys Energy" мекемесімен осы жылу орталығын жаңғырту мәселесін пысықтауда", – деді министр.
Желтоқсан және қаңтар айларында "МАЭК" мекемесінде сумен жабдықтауда қиын жағдай орын алды.
Маңғыстаудың энергетикалық негізгі өңірдің бірі болуына байланысты, жоспарланған жөндеу науқанының толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету қажет.
2012 жылдан бастап Кентау жылу орталығында қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізілмейді. Ағымдағы жылы шамамен 5 млрд теңге сомаға 4 қазандыққа (№5, 6, 7, 8) және 1 турбинаға (№6) күрделі жөндеу жоспарланған.