Жалған ақпарат: "АрселорМиталл Теміртау" шетелдік инвесторларға беріледі

370

Желіде "АрселорМиталл Теміртау" АҚ-ның басқа шетелдік инвесторларға берілетіні туралы ақпарат тарап жатыр.

Жалған ақпарат: "АрселорМиталл Теміртау" шетелдік инвесторларға беріледі Фото: canva.com

Үкіметтің баспасөз қызметі осыған қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерде "АрселорМиталл Теміртау" АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Үкімет "АМТ" АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу