"АрселорМиттал" компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар инвестиция салмақ

706

Президент "АрселорМиттал" компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.

"АрселорМиттал" компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар инвестиция салмақ

Кездесуде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері мен алдағы уақытқа арналған жоспары талқыланды.

Кездесуде өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгіменің арқауына айналды.

Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар Президент ішкі нарықтың қажеттілігін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының өнімдерімен өтеу мәселесіне мән берді.

Бұдан бөлек, компанияның парниктік газ шығарындыларын азайту шараларына да назар аударылды.

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада "АрселорМиттал" компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу