"АрселорМиттал" компаниясының қызметіне қатысты тексеріс жүргізіледі

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"АрселорМиттал" компаниясының қызметіне қатысты тексеріс жүргізіледі Фото: metalmininginfo.kz

"Тексеруді жүзеге асыратын компанияны таңдаймыз. Бізге бірнеше ұсыныс келіп түсті, оларды мұқият қарастырамыз. Өйткені, тексеріс сапалы жүргізілуі керек. Осы аптада компанияны таңдап, содан соң "АрселорМиттал" қызметін тексеруге қатысты материалдарды әзірлейміз. Тексеріс құны компанияның баға ұсынысына қарай анықталады. Әзірге бюджет жағы нақтыланған жоқ", – деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу