"АрселорМитталТеміртауда" қауіпсіздік талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталған

492

2022 жылы "АрселорМиттал Теміртауда" өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың бұзылуы бойынша 2 мыңға жуық дерек анықталды.  

"АрселорМитталТеміртауда" қауіпсіздік талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталған Фото: akorda.kz

Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Былтыр "АрселорМитталТеміртауда" өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың бұзылуы бойынша 2 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша уәкілетті орган материалдарды ресімдейді, нұсқамалар береді және осы бұзушылықтарды жою жөнінде нақты мерзімдер белгілейді.  Ал, заңды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапқа тартылады. Нұсқамада көрсетілген мерзімдер басталған кезде бақылау органы талаптардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізеді. "АрселорМитталТеміртауға" байланысты жағдай уәкілетті органның ерекше бақылауында", - деді спикер тілшінің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу