"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның басшысы ауысты

964

Биджу Наир жаңа қызметіне келер жылдан бастап кіріседі.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның басшысы ауысты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның бас директоры лауазымына Биджу Наир тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Биджу Наир бұған дейін Босния мен Герцеговинада орналасқан "АрселорМиттал Zenica" компаниясын басқарған. Биджу Наир жаңа қызметіне келер жылдан – 1 қаңтардан бастап кіріседі.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясын үш жарым жылдан астам уақыт басқарған Парамжит Калон қызметкерлермен қоштасып, жаңа басшы мен барлық қызметкерлерге табыс тіледі.

"Біз көп нәрсеге қол жеткіздік. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 4,2 млн тонна қатты болат пен 11 млн тонна көмір өндірісінің тұрақты деңгейіне шықты", – деп атап өтті Калон.

Естеріңізге сала кетейік, Парамжит Калон 2016 жылдың 1 мамырынан бастап "АрселорМиттал Теміртаудың" бас директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар ол Украинадағы Кривой рог қаласындағы ірі металлургиялық комбинатты басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу