"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Тұрабаева өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында жаңа басшылық қысым көрсетіп, жұмыстан шығуға итермелеп жатқанын жазды.
Оның сөзінше жаңа басшылық оған бірнеше ұсыныс жасаған. Алайда Жанна Тұрабаева бұл ұсыныстарды қабылдамаған.
"Олардың ұсыныстарынан бас тартуыма себеп көп. Осыдан кейіннен мені жазалау басталды", – деп жазды АМТ Көмір департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі.
Жанна Тұрабаеваның айтуынша, басшылық өз еркіңізбен немесе өз еркіңізден тыс орныңызды босатыңыз деген талап қойған.
"Басшылық менің бөлімімнің қаржылық аудитіне тексеру жүргізу бастамасын көтерді. Жақсы, бірақ менің мынадай ұсынысым бар – тексеру жүргізілетін болса, онда ол Кадр бөліміне де жүргізілсін. Атап айтқанда, Теміртаудағы қысқы фестивальді 3 есе арзан өткізуге болады. Осы қызметті көрсетуші кім?", - деп жазды Жанна Тұрабаева.
Сондай-ақ, ол Теміртаудағы комбинат ғимаратының маңына орнатылған шырша құны туралы да жазған.
"Оның құны да нарықтық бағадан 3 есе жоғары. Жария етпеу және коммерциялық құпия туралы келісімшартқа сәйкес, соманы айта алмаймын", – деген ол тиісті заң бұзушылықтар көрсетілген құжаттарды тиісті ведомстволарға жолдайтынын хабарлады.