"АрселорМиттал Теміртау" инвестициялық міндеттемені орындамай отыр - Тоқаев

610

2006 жылдан бері компанияда 100-ден аса адамның өмірін қиған 20-дан астам апат болды.  

"АрселорМиттал Теміртау" инвестициялық міндеттемені орындамай отыр - Тоқаев Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының еңбек, экологиялық және салық заңнамасын бұзып отырғанын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

"Өндірістік жарақат өзекті мәселеге айналды. Осы жылдың 11 айында өндірістік орындарда 1124 адам зардап шегіп, 157 адам көз жұмды. Жекелеген кәсіпорындарда адам шығынына әкелген апаттар жүйелі сипатқа ие болды. Оның ішінде бұл "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына да қатысты болып отыр", - деді Президент.

Оның айтуынша, 2006 жылдан бері кәсіпорында 20-дан астам апат болып, 100-ден аса азамат қайтыс болған.

"Биыл 14 адам, оның ішінде өткен аптада 1 адам көз жұмды. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың есептеріне сәйкес, компания еңбек, экологиялық және салық заңнамасын бұзып отыр, сонымен қатар инвестициялық міндеттемені орындамай отыр. Қоғам әділ және шұғыл шараларды күтіп отыр. Бұл жағдайды Үкімет басшысы бақылауға алуы тиіс", - деп атап өтті Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу