"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында тағы бір жұмысшы мерт болды

594

Өндірістегі қайғылы оқиғаға қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында тағы бір жұмысшы мерт болды Фото: elements.envato.com

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ кәсіпорнында тағы бір жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, кеше жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшыны тоқ соққан. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ер адам есін жимастан көз жұмды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу