Қазір "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауытының кокс өндірісінде тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Оқиға орнында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының металлургиялық зауытының кокс өндірісінде 1982 жылы туған қызметкер қайтыс болды. Оның жақындарына Индустрия министрі көңіл айтты. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу