"АрселорМиттал Теміртау" компаниясын халықаралық аудит тексеруде

Осы жұмыстар аяқталған соң ғана аталған компанияға қатысты шешім қабылданады.  

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясын халықаралық аудит тексеруде Фото: arcelormittal.com

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға Еңбек министрлігі прокуратурамен бірлесіп жүргізген кешенді тексеруі тоқтатылды, бұл жұмысқа халықаралық аудит тартылды. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта біз прокуратурамен бірлесіп жүргізген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға жүргізілген кешенді аудит тоқтатылды. Бұл жұмысқа халықаралық сараптама ұйымы тартылды, қазір ол ұйымның қызметіне аудит жүргізіп жатыр. Осы жұмыстарды аяқтаған соң, аталған акционерлік қоғамға шара қолдану туралы шешімді бірлесіп қабылдаймыз", - деді Оспанқұлов ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 3 қарашасына қараған түні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газдың атқылауы және одан кейінгі жарылу орын алып, бес кенші қаза тапты.

Тағы төртеуі метаннан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу