"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 1 миллион теңге айыппұл салынды

448

Компания басқаратын 2-ЖЭО жылыту маусымына дайын болмаған.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 1 миллион теңге айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

"АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) басқаратын Теміртау қаласындағы 2-ЖЭО-ға жылу беру маусымына дайындығы туралы сертификаттар берілмеген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Қарағанды ​​облысы бойынша энергетикалық қадағалау басқармасына сілтеме жасап.

Кәсіпорын №4,5 қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесін өткізіп алған. Сондай-ақ, №1 қазандықта жөндеу жұмыстарының сметасында тот баспайтын болаттан емес, қара металдан жасалған таза газ құбырын орнату қарастырылған.

"Компания ЖЭО-2 жаңа құйындылар мен бұрағыштардың (эмульгаторлардың негізгі элементі) орнына 16 жылдан астам жұмыс істеп тұрған және көзге көрінетін ақаулары бар қолданыстағы қондырғыларды пайдалануды ұйғарған. №5 қазандықта компания 12 коллекторды ауыстырмай, тазалаумен шектелген. №3 қазандықтан мұржаға дейінгі газ құбырының жылу оқшаулауы, қазандық цехының шатырын жөндеу жұмыстары аяқталмаған", делінген хабарламада.

Сондай-ақ басқарма №3 турбогенератордың күзгі-қысқы кезеңде іске қосылмау қаупі жоғары екенін атап өтті, өйткені статор орамаларын жеткізушімен келіссөздер кешіктірілген.

АМТ осы заңбұзушылықтар үшін 1 миллион теңге әкімшілік айыппұл төлейді. Жылу электр орталығының жылу беру маусымындағы жұмысын басқарма ерекше бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу