"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына арнайы талаптар қойылды

Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап берген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына нақты талаптар қойылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына арнайы талаптар қойылды Фото: metalmininginfo.kz

"Біздің мақсатымыз 2025 жылға дейін "АрселорМиттал Теміртаудың" зиянды шығарындыларын 20% азайту. Сондықтан олар министрлікке тапсыратын құжаттарында нақты іс-шараларды көрсетуі керек. Егер нақты шешімдерін ескермесе, экология саласындағы рұқсат құжаттарын бермейміз", – деді Серікқали Брекешев.

Осы орайда министр Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеспек. Онда "АрселорМиттал Теміртау" мен экология мәселелері талқыланады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу