Екі айдан астам уақытқа созылған жұмыстар нәтижесінде прокурорлар 5 000 бұзушылықты анықтаған. Оның 2 мыңы шұғыл түрде реттеуді қажет етеді.
Тексеріске былтыр желтоқсан айында "Абай" шахтасындағы апат түрткі болды. Кен орнында 6 кенші газға уланып, жер астында қаза тапқан еді.
Жалпы өткен жылдың қорытындысына сәйкес, ірі кәсіпорынға тиесілі шахталарда 42 адам зардап шегіп, тоғызы қайтыс болған.
Құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, апаттардың жиілеуіне тозығы жеткен құрылғылар себеп. Кейбірінің пайдаланылғанына жарты ғасырдай уақыт болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу