"АрселорМиттал Теміртау" мемлекет меншігіне қашан өтеді?

424

Бұл процесс жуырда аяқталмақ.

"АрселорМиттал Теміртау" мемлекет меншігіне қашан өтеді? Фото: gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның мемлекет меншігіне өтуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қазіргі акционерлерінің акционерлер құрамынан шығуы бойынша келіссөздер жүргізілді. Бұл келіссөздердің қорытындысы бойынша қазан айының соңында осы кәсіпорынға меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру шарттары туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл ақпарат "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның қазіргі акционерлері шығарған баспасөз релизімен расталды. Бүгінгі таңда осы мәмілені түпкілікті заңды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу