"АрселорМиттал Теміртау" ресейлік инвесторға беріле ме? – Роман Скляр жауабы

1111

Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға жаңа инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

"АрселорМиттал Теміртау" ресейлік инвесторға беріле ме? – Роман Скляр жауабы Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.

Роман Скляр "АрселорМиттал Теміртау"-дың орнын ресейлік "Северсталь" компаниясы басуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

"Олай емес. Келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Қауесеттерге сенбеңіздер. (...) Осы өндірісті дамыту үшін тиімді жұмыс істей алатын және қаражат сала алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі басты басымдық екенін айта кеткен жөн. Ресейлік компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Инвестор ретінде қарастырылып жатқан компанияларды айта алмаймын. Әлі ерте", - деді ол Ақорда кулуарында.

Бұл ретте Премьер-министрдің бірінші орынбасары бүгінде "АрселорМиттал Теміртау"-дың жабдықтарды жөндеу, инвестициялар бойынша міндеттемелерін кешіктіріп жатқанын атап өтті.

"Кәсіпорында адам қазасымен байланысты қайғылы оқиғалар бізді алаңдатпай қоймайды", - деді Роман Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу