"Ленин атындағы шахтада барлық жұмыс тоқтатылды", – деді компанияның бас директоры баспасөз мәслихатында.
Компания өкілдерінің айтуынша, жағдай қауіпсіз болмайынша жұмыс қайта басталмайды.
Еске сала кетсек, 3 қарашаға қараған түні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газ жарылып, бес кенші қаза тапты. Тағы төртеуі метаннан уланып, ауруханаға жатқызылды. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ халықаралық Арселор-Миттал болат концернінің бір бөлігі болып табылады. Компанияның Қазақстанда 15 көмір және темір рудалары бар.