"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларының әрі қарайғы тағдыры қандай болмақ?

383

Бұл туралы Вадим Басин айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларының әрі қарайғы тағдыры қандай болмақ? Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

"Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл ретте бір жайт ерекше атап өтілді, және де компанияның бүкіл ұжымына бірден айта кетілгені: жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгерістер болмайды. Оларды жақсарту тұрғысынан ғана қайта қаралатын жағдайлар қалады. Бұл компанияның әрі қарай жұмыс істеуі және әлеуметтік жауапты болуы үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, ұжымның бірде-бір мүшесінің құқығы төмендетілмейді", – деді ол.

Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттырумен және негізгі қорларды жаңартумен айналысатын болады.

Қазір қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсетілуде. Кәсіби психологтар жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу