"АрселорМиттал Теміртау" жұмысын қайта бастағанын мәлім етті

1148

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысын қайта бастағанын мәлім етті

"АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының баспасөз қызметі заң бұзғанына байланысты биліктің нұсқауымен жұмысы тоқтап тұрған кейбір кәсіпорындар қайта іске қосылғанын хабарлады.

Өткен аптада көліктегі бақылау инспекциясы АМТ-ның өндірістік қызметінде бірнеше заң бұзушылықты, оның ішінде теміржол релісінде ақау барын анықтаған. Бұдан соң "АрселорМиттал Теміртауға" болат және көмір департаментінің теміржол желісін пайдалануды тоқтатуға нұсқау берілген. Қозғалысқа тыйым салынғанына байланысты "Углерудная" станциясының жұмысы 20 сағатқа тоқтатылған. "Распорядительная" станциясында теміржолдың кейбір бөліктерін пайдалану тоқтатылып, станция бір күн тоқтап тұрған.

Транспорттық инспекцияның тексеруінен соң бірқатар заң бұзушылық анықталғандықтан, "АрселорМиттал Теміртау"жұмысын уақытша тоқтатып, өндірісті азайтуға мәжбүр болды. Компанияның баспасөз қызметінен хабарлауынша, анықталған заң бұзушылық жойылған, бірақ "жұмыстың тоқтауы компанияның қызметіне кері әсер еткен". Компания басшылығы мұндай оқиға кәсіпорын қызметінде кәдімгідей іркіліс туғызып қана қоймай, төтенше жағдайдың туындауына да алып келетінін мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме кәсіпорындар жұмысы уақытша тоқтатылғаннан бірнеше күннен соң жарияланып отыр.

Azattyq.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу